Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы Зейнолла Ыдырысов күміс медаль иеленді, деп жазады Sportbugin.kz.
Ұлттық құрама өкілі тұтқалы ат жаттығуының финалында сәтті өнер көрсетіп, 14.133 ұпай алды.
Аталған сында тағы бір қазақстандық гимнаст, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов та бақ сынады. Ол 13.233 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады.
Тұтқалы ат жаттығуында хорватиялық Матео Зугец 14.166 ұпаймен чемпион атанса, Зейнолла Ыдырысов 14.133 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Ұлыбритания өкілі Джошуа Натан 14.100 ұпай жинап, қола медаль иеленді.
