Түркістан облысында бокстан Қазақстан ерлер құрамасының халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасымен қатар Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстанның былғары қолғап шеберлері қатысып жатыр.
Бұл жиын 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтетін World Boxing Әлем кубогы алдындағы шешуші дайындық кезеңдерінің бірі саналады.
Еске сала кетейік, мамыр айында Янгиабад кентінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Корея құрамалары бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.
