Азамат Дәулетбеков пен Гүлмарал Еркебаева америкалық Orka Wrestling League кәсіби күрес лигасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Лига ұйымдастырушылары қазақстандық спортшыларды жаңа қатысушылар қатарында ресми түрде таныстырды.
Азамат Дәулетбеков 86 және 92 келі салмақ дәрежелерінде сынға түседі.
Ал Гүлмарал Еркебаева 76 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін болады.
Айта кетейік, Orka Wrestling League — еркін және әйелдер күресі бойынша жарыстар өткізетін халықаралық коммерциялық промоушен.
