Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов соңғы жаңалықтарына байланысты пікір білдіріп, ММА-ға ауысқаны жөніндегі сұраққа нақты жауап берді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Көп қойылып жатқан сұрақтардың бірі — «ММА-ға ауыстың ба?» деген сауал. Жоқ, мен ММА-ға ауысқан жоқпын. Әлі де кәсіби бокста өнер көрсетіп келемін.
Ұлттық құрамадан кеткеннен кейін толыққанды дайындалу үшін маған мықты команда қажет болды. Осы тұрғыда Darteam командасымен жаттығу жасау мен үшін өте қолайлы шешім болды. Команда келісімшартқа дейін де маған үлкен қолдау көрсетіп, көп көмегін тигізді.
Уақыт өте келе, үш жекпе-жектен кейін осы ұжыммен ресми түрде бірлесіп жұмыс істеуді жөн көрдім.
Бүгін Қазақстандағы ең үздік командалардың біріне қосылғанымды қуанышпен хабарлаймын!
Қазіргі таңда кәсіби боксшылар арасында осы команданың құрамындағы алғашқы әрі жалғыз боксшымын.
Командаға, бапкерлерге және Алидар Болатұлына осындай мүмкіндік пен сенім үшін үлкен алғысымды білдіремін.Үлкен жол — мықты командамен басталады», — деді Бекбауов.
Айта кетейік, Дулат Бекбауов — бокстан әлем чемпионатының және Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
