Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Құрлық додасында ел намысын Милад Карими, Ильяс Азизов, Дмитрий Патанин, Роман Хегай, Дияс Тойшыбек және Нуртан Идрисов қорғайды.
Айта кетелік, аталған тізімде осы маусымда тұрақты түрде жүлде алып жүрген Нариман Курбанов пен Зейнолла Ыдырысов жоқ.
Федерацияның мәліметінше, Азия чемпионатында Азия ойындары мен әлем чемпионатының жолдамалары командалық жарыстардың қорытындысы бойынша сарапқа салынатындықтан, құрамға бірнеше снарядта өнер көрсете алатын гимнасттар енгізілген.
