Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы, ресейлік Абдулрашид Садулаев америкалық RAF ұйымындағы алғашқы белдесуін АҚШ өкілі Кайл Снайдерге қарсы өткізеді, деп жазады Sportbugin.kz.
30 жастағы Садулаев — еркін күрестен алты дүркін әлем чемпионы. Ал оның қарсыласы, 30 жастағы Кайл Снайдер Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы атанған.
Екі балуан бұған дейін төрт рет кездескен. 2017 жылғы әлем чемпионатының финалында Снайдер жеңіске жетсе, 2018 және 2021 жылдардағы әлем чемпионаттарының шешуші белдесулерінде, сондай-ақ Токио Олимпиадасында Садулаев басым түскен.
Айта кетейік, бұл белдесу 11 шілде күні Тбилисиде өтеді.
