Ресейлік теннисші Диана Шнайдер Францияның ашық чемпионатының финалына шыға алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ол жартылай финалда польшалық Майя Хвалиньска спортшыға есе жіберді.
Кездесу 6:7 (4:7), 4:6 есебімен әлемдік рейтингте 114-орында тұрған Хвалиньсканың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, Диана Шнайдер жартылай финалға дейін әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенкосенсациялық түрде жеңіп шыққан болатын. Ресейлік теннисші ширек финалда бір сет пен екі брейк айырмасымен ұтылып жатып, камбэк жасап, 3:6, 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Диана Шнайдер теннис жанкүйерлеріне өзінің ерекше орамалымен (косынка) да жақсы таныс. Ол бала кезінен күннен қорғану үшін кепка мен козыректің орнына орамал тағуды жөн көрген. Кейін бұл аксессуар спортшының басты ерекшелігіне айналып, корттағы өзіндік стилінің бір бөлігі болды. Қазір Шнайдерді көк түсті ақ бұршақты орамалсыз елестету қиын.
