«Тұран» футбол командасының бұрынғы шабуылшысы Асылжан Аббас кәсіби мансабын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Түркістандық клубтан кеткеннен кейін 26 жастағы вингер Ресейге қоныс аударып, құрылыс саласында жұмыс істеп жүр.
«Қазір құрылыста жұмыс істеп, табыс тауып жүрмін. Футболдағы мансабымды уақытша тоқтаттым», — деді футболшы.
Айта кетейік, Асылжан Аббас Қазақстан Премьер-лигасы мен Бірінші лигада жалпы 49 матч өткізген. Ол көкшетаулық «Оқжетпес», жезқазғандық «Ұлытау» және петропавлдық «Қызылжар» командаларының қақпасына гол соққан.
