Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогында Абылайхан Жүсіпов финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келі салмақ дәрежесінде тәжірибелі қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогының жартылай финалында иорданиялық Зейад Ишаишпен қолғап түйістірді.
Тартысты басталған жекпе-жектің екінші раундында қарсыласының қабағы жарылып, дәрігерлер кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға шешім қабылдады.
Нәтижесінде жеңіс Абылайхан Жүсіповке беріліп, отандасымыз турнирдің финалына жолдама алды.
