26-28 қаңтарда Одивелас қаласында (Португалия) дзюдодан Дүниежүзілік тур аясындағы жарыс – Португалия Гран-приі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыста әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы өнер көрсетеді.
Бүгін ерлер арасындағы үш салмақ дәрежесінде (90 келі, 100 келі және 100+ келі) 5 қазақстандық татамиге шығады. Әйелдер 78 келі және 78+ келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Жарыстың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 23:00-де басталып, Qazsport телеарнасында көрсетіледі.