Каратэден қазақстандық төрешілер халықаралық деңгейде тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) шешімімен Нагояда өтетін Азия ойындарында Қазақстан атынан халықаралық деңгейді екі төреші қызмет атқарады.
Олар — алматылық Александра Будкина мен Түркістан облысының өкілі Жандос Даут.
Бұл — тек аталған мамандар үшін ғана емес, тұтас қазақстандық каратэ қауымдастығы үшін де үлкен мәртебе. Себебі олар Азия құрлығындағы 400-ден астам төрешінің арасынан іріктелген
37 халықаралық арбитрдің қатарына енді.
Аталған тағайындау Қазақстандағы төрешілер мектебінің жоғары деңгейін және еліміздің халықаралық каратэ қауымдастығындағы беделінің артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдейді.
