Танымал бапкер Тұрсынғали Еділов ұлттық құрамадағы басты мәселелердің бірін айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Кейбір жағдайларда бапкерлердің талаптары мен тапсырмалары орындалмай, боксшылар өз бетінше шешім қабылдап кетеді. Ұлттық құрамада қатаң тәртіп пен бапкердің беделі бірінші орында тұруы тиіс», — деді Еділов.
Еділовтың айтуынша, спортшы мен жаттықтырушы арасында өзара сенім мен тәртіп болу керек. Сондықтан ұлттық құрамадағы әрбір боксшы бапкерлік штабтың нұсқауларын мүлтіксіз орындауы қажет.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынғали Еділов Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуді де «Не қажеті бар?» деп сынға алған болатын.
