Қазақстандық файтерлер Асу Алмабаев пен Бекзат Алмахан Баку қаласында өтетін UFC турнирінде өнер көрсетеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонмен кездеседі. Сарапшылар қазақстандық спортшының күрестегі басымдығын атап өтіп, оның жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауы мүмкін екенін айтуда.
Ал жеңіл салмақтағы Бекзат Алмахан бразилиялық Жан Мацумотомен күш сынасады. Бұл кездесу Бекзат үшін аса маңызды болмақ, себебі ол қазіргі келісімшартындағы соңғы жекпе-жегін өткізуі мүмкін. Мамандар оның жеңіске жетіп, UFC-дегі орнын сақтап қалатынына сенім білдіруде.
Айта кетейік, UFC турнирі 27 маусым күні Әзербайжанның Баку қаласында өтеді.
