Халықаралық гимнастика федерациясы (World Gymnastics) спортшыларды марапаттау рәсіміндегі тәртіп ережелеріне өзгерістер енгізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Әнұранға қатысты 3 жаңа талап: Делегация басшысы орындалатын әнұранның дұрыстығын алдын ала растауға міндетті; Әнұранның ұзақтығы 1 минут 30 секундтан аспауы керек; Тек аспаптық нұсқасы (сөзсіз) орындалады.
Әнұран орындалған сәттегі тәртіп: Барлық қатысушылар туларға қарап тұруы тиіс; Әнұран аяқталғаннан кейін спортшылар тұғырда қалып, фотоға түсу рәсіміне қатысады; Сонымен қатар, залдың барлық жағына бұрылып, көрермендерді сәлемдеуге рұқсат етіледі.
Медаль табыстаушыларға қойылатын талаптар: Құттықтау мен қол алысу тек жүлдегер спортшылармен ғана жүзеге асырылады; Спортшыларды сүйіп құттықтауға қатаң тыйым салынады.
Тұғырдағы қатаң тыйымдар: Кез келген саяси, діни немесе нәсілдік насихатқа тыйым салынады; Баннерлер, ишаралар, жазулар немесе символикасы бар аксессуарларды көрсетуге болмайды; FIG бекітпеген туларды пайдалануға тыйым салынады (тек ресми ұлттық тулар ғана рұқсат етіледі).
Спортшылар бұл ережелерді бұзған жағдайда, олардың федерациясы тікелей қатысы болмаса да, тәртіптік және қаржылық жауапкершілікке тартылады.
