9 ақпанда Мәскеуде аралас жекпе-жектен ACA 170 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде Евгений Гончаров пен Антон Вязигин кездеседі. Шайқас жеңімпазы Гран-при финалисті атанады.
Бастапқы кард аясында қазақстандық Бағдос Олжабай бразилиялық файтер Луис Лаурентиномен кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылып, қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан қазақстандыққа жеңісті берді (30:27).