Владислав Саможонов Индонезияда өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
U19 жас санатындағы аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түскен Саможонов жартылай финалда филиппиндік Джек Рэдли Фитчпен қолғап түйістірді.
Қазақстандық боксшы жекпе-жекті бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқтады. Басынан дәл тиген екі соққыдан кейін қарсыласы орнынан тұра алмай, төреші кездесуді тоқтатты.
Осылайша, Владислав Саможонов Азия чемпионатының финалына шықса, филиппиндік боксшы қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, жасөспірімдер (U19) мен жастар (U23) арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеде мәресіне жетеді.
