Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Айдос Сұлтанғалидың Азия ойындарына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Olimpic.kz сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Бас бапкердің айтуынша, 60 келіге дейінгі салмақтағы жолдама үшін Ербол Камалиев пен Ернұр Фидахметов өзара бақ сынайды.
«60 келіде бәсеке жоғары. Бұл салмақта Ербол Камалиев пен Ернұр Фидахметовке мүмкіндік беріледі. Қайсысы Будапештте өзін жақсы қырынан көрсетсе, сол Азия ойындарына барады.
Ал осы салмақтағы негізгі көшбасшы Айдос Сұлтанғалиды елімізде өтетін әлем чемпионатына арнайы дайындап жатырмыз», — деді Қонысбек Төкенов.
Айта кетейік, күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді.
