Бибарыс Әшірбай Индонезияда өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
U19 жас санатындағы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Әшірбай Өзбекстан өкілі Саидхужа Садиллахужаевпен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша, Бибарыс Әшірбай Азия чемпионатының финалына шықса, Саидхужа Садиллахужаев қола жүлдені қанағат тұтты.
Жекпе-жек аяқталғаннан кейін өзбекстандық боксшы эмоциясына ерік берді.
Айта кетейік, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.
