Венгрияда күрес түрлерінен халықаралық рейтингілік турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде еркін күрес балуандары боз кілемге шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
65 келі салмақта өнер көрсеткен Начын Куулар алғашқы айналымда Иран балуанын 12:3 есебімен жеңіп, 1/8 финалда Беларусь өкілі Магомедхан Магомедовтен басым түсті.
Алайда ширек финалға жолдама үшін болған кездесуде Куулар бұрынғы отандасы Шамиль Мамедовке 0:10 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Шамиль Мамедов 2025 жылдан бастап Болгария құрамасының атынан өнер көрсетіп жүр.
