Нұрқожа Қайпанов Венгрияда өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
74 келі салмақта өнер көрсететін Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда түркиялық жас спортшы Мұхаммед Бесирмен белдесіп, 7:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді Қайпанов финалда Қытай балуаны Фэн Луамен кездеседі.
Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов — Будапешттегі турнир финалына шыққан Қазақстан құрамасының екінші балуаны.
