Венгрияда өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирде еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Қайпанов Қытай балуаны Фэн Лумен белдесті. Тартысқа толы өткен шешуші белдесу 3:3 есебімен аяқталды.
Алайда соңғы нәтижелі әдісті қытайлық спортшы жасағандықтан, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс Фэн Луға берілді. Осылайша, Нұрқожа Қайпанов Будапешттегі рейтингілік турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын және төрт қола медаль түскен болатын.
