Таеквондодан Қазақстанның аралас құрамасы командалық Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық спортшылар Таиланд құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдесін еншіледі.
Осы нәтижесінің арқасында Қазақстан құрамасы жыл соңында Қытайда өтетін Командалық Әлем кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.
