Венгрияда өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік турнирде қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков жарысты ерте аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында үш дүркін Азия чемпионы алғашқы айналымда отандасы Бекзат Аманғалимен белдесуі тиіс болған.
Алайда Азамат Дәулетбеков денсаулығына байланысты бозкілемге шықпады.
Осының нәтижесінде Бекзат Аманғали техникалық түрде ширек финалға жолдама алды.
