Бокстан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан дәстүрлі «Странджа» кубогында екі қазақ боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
51 келіде бақ сынайтын Санжар Тәшкенбай жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловты 3:2 есебімен ұтып, ақтық сынға жолдама алды.
67 келідегі Дулат Бекбауов алжирлік қарсыласын жеңіп, алтынға таласатын болды.
Өкінішке қарай, 80 келідегі Тұрсынбай Құлахмет Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанға 2:3 есебімен жол беріп, турнирдің қола жүлдегері атанды.