Айбек Имашев Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Айбек Имашев — Маңғыстау облысының тумасы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 5 ДАН иегері және жоғары санатты жаттықтырушы. Ол Азия және Еуропа чемпионы, Әлем кубогының күміс жүлдегері, сондай-ақ «Grand Slam» және «Grand Prix» турнирлерінің жүлдегері атанған.
Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін түрлі басшылық қызметтер атқарған Имашев 2023-2025 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры болды.
Айта кетейік, Айбек Имашевтің орнына атқарушы директор қызметіне Тимур Болат тағайындалды.
