Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинадан кейін оның сіңлісі Дарья да спорттық азаматтығын ауыстырып, Қазақстан атынан өнер көрсете бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
15 жастағы спортшы Мәскеудегі ЦСКА спорт мектебінің тәрбиеленушісі. 2024 жылы Ресейдің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы чемпионатында жеңімпаз атанған.
Қазақстанға келгеннен кейін Дарья Самоделкина Алматы құрамасы сапында өнер көрсетіп, 2025 жылы Қазақстан кубогында алтын медаль жеңіп алды.
2026 жылдың маусымында жас спортшы Қазақстан құрамасы сапында Азия чемпионатында дебют жасап, командалық жарыста қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Софья Самоделкинаның сіңлісі де қазақстандық спортшылар қатарына қосылды.
