Пәкістанда ерлер арасында CAVA Men’s Volleyball Championship 2026 өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Топтық кезеңдегі үшінші ойында Сергей Трикоз шәкірттері Бангладеш құрамасымен кездесіп, 2:3 есебімен жеңілді.
Осыған дейін қазақстандық волейболшылар Өзбекстан құрамасына 2:3 есебімен есе жіберіп, ал Непалды 3:2 есебімен жеңген.
Айта кетелік, былтыр CAVA Men’s Volleyball Nations League 2025 турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы төртінші орын алған болатын.
