Мозырь қаласында 23 жасқа дейінгі қыздар арасында BELNEFTEKHIM WOMEN’S CUP халықаралық командалық турнирі өтіп жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Лаура Ғаниқызы Түркия балуанымен тартысты кездесу өткізді.
Белдесудің соңғы 20 секундында Лаура Ғаниқызы шешуші әдіс жасап, Түркия балуанын 3:1 есебімен жеңді.
