UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев жекпе-жек алдындағы басты мақсатын айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Махачев пен ирландиялық Иэн Гэрри чемпиондық белбеу үшін 16 тамыз күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтетін UFC 330 турнирінде октагонға шығады.
Ресейлік жауынгер бұл кездесуде жеңіске жетсе, UFC тарихындағы қатарынан ең көп жеңіс рекордын жаңартатынын жеткізді.
«Қазір мен өзімді жер шарындағы ең үздік файтер деп есептеймін. Бірақ менің мақсатым — тарихтағы ең үздік спортшы атану. Ол үшін Иэн Гэрриді жеңіп, Андерсон Силваның рекордын жаңартуым керек. Сонда менің жеңісті сериям 17 кездесуге жетеді және мұнымен тоқтап қалмайды», — деді Махачев UFC баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, қазіргі таңда UFC тарихындағы қатарынан ең көп жеңіс көрсеткіші бойынша Ислам Махачев пен мансабын аяқтаған бразилиялық Андерсон Силва көш бастап тұр. Екеуінің де еншісінде 16 жекпе-жектен тұратын жеңісті серия бар.
