Еліміздің еркін күрес тарихында есімі алтын әріппен жазылған даңқты балуан Мәулен Мамыровтың Атланта Олимпиадасында қола жүлдегер атанғанына 30 жыл толды.
Мәулен Мамыров — тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен Олимпиада ойындарының алғашқы жүлдесін жеңіп алған қазақ балуаны. Ол 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль еншілеп, қазақ балуандары арасынан тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды.
Сондай-ақ, Мәулен Мамыров — еркін күрестен қазақ балуандары арасынан Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алған алғашқы және соңғы балуан.
Мамыровтан кейін қазақстандық еркін күрес шеберлерінің ешқайсысы Азия ойындарында топ жарған жоқ.
Ол 1990-2002 жылдар аралығында Қазақстан чемпионатында 13 мәрте топ жарып, халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғады. Ол еркін күрестен ұзақ жылдар бойы ұлттық құраманың көшбасшысы болып, күрес мектебінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.
