Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингте Хасанбой Дусматовпен кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Azamat Sport» арнасына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов әуесқой бокста төрт рет қолғап түйістірген. Соңғы рет қос боксшы Париж Олимпиадасында кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіс өзбекстандық спортшыға берілген еді.
«Біздің жекпе-жекті тек Қазақстан мен Өзбекстанда емес, бүкіл әлемде күтті. Біз өте жақсы кездесулер өткіздік. Жеңісті қай тарапқа берсе де болатын айқастар болды. Енді кәсіпқой бокста да жұдырықтассақ, жақсы болар еді. Менің еш қарсылығым жоқ. Хасанбойдың қалай қабылдайтынын білмеймін», — деді Бибосынов.
