Кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Төрехан Сабырханның болашағына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Бірақ мына жігіттің боксы бөлек екен. Жанып тұрған кәсіпқой бокстың жұлдызы. Е-е, қайран уақыт, осы сәтті жоғалтып алмаса екен. Елімізде кәсіпқой боксты қолға алып, осындай таланттарды уақытында қолдайтын адам табылар ма екен?..
Айтқым келгені — осындай таланттарды уақытында демеп, кәсіпқой бокстың әлемдік деңгейіне дер кезінде шығарып, боксшы да, промоутер де миллиондаған доллар еңбегін алса екен деген ой.
Америкада жас боксшылар жанып тұрған кезінде кәсіпкерлер, промоутерлер мен менеджерлер дер кезінде табылып, қолдап, жұлдыз қылады. Сөйтіп, өз еңбегінің жемісін көреді», — деп жазды Әшкеев.
Айта кетейік, қазіргі таңда Төрехан Сабырхан ұлттық құрамамен бірге
АҚШ-та өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
