Қазақстанның әйелдер құрамасы Словакияда өткен U20 әлем чемпионатында жүлдесіз қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
50 келіде Медина Қуанышбек 1/8 финалда жарысты аяқтады. 53 келідегі Динара Дауылқызы мен 68 келідегі Ұлдана Тілеухан ширек финалға дейін жетіп, кейін қола жүлде үшін белдесуде жеңіліп қалды.
55 келіде Шодиёна Дилмуратова, 57 келіде Анна Стратан ширек финалда сүрінді. 59 келідегі Айжан Мұратбай алғашқы белдесуінде жеңіліп, жұбаныш белдесуінде де жеңіске жете алмады.
Ал Жайдар Мұқат (62 келі) Жаңыл Бекен (65 келі), Мейрамгүл Мақсот (72 келі) және Зейнеп Еламас (76 келі) алғашқы белдесулерінен кейін жарысты аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасының бірде-бір өкілі Братиславадағы әлем чемпионатында жүлдеге іліге алмады.
Айта кетейік, өткен жылы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы бір қола медаль жеңіп алған еді. Болгарияда өткен додада Анна Стратан үшінші орынға ие болған.
