Танымал бапкер Тұрсынғали Еділов 70 келі салмақта Азия ойындарына баруы мүмкін боксшыларға талдау жасады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бапкер Абылайхан Жүсіповтің қазіргі бабын жоғары бағалап, Төрехан Сабырханның да мүмкіндігіне тоқталды.
«Мен тағы да айтамын, Абылайхан қазір бабында. Кәсіпқой бокстан кейін демалып, қазір от болып жанып тұр. 2025 жылғы әлем чемпионатында бәрін ұтты. Өзбек, үнді боксшыларын және Азиядағы қарсыластарынан жақсы өтіп келе жатыр. Қазір Абылайханнан алтын күтуге болады.
Әрине, Төрехан да еш кем емес. Бірақ оны келесі Олимпиадаға жетілдіріп, дайындауымыз керек», — деді Еділов.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасының Азия ойындарына қатысатын боксшылары әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
