Ертуған Зейнуллиновтың бапкері Қайрат Кәрменов өзбекстандық боксшы Асаходжа Муйдинходжаевпен өткен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Асаходжа ұрысқа келген жоқ. Ешқандай шеберлік көрсеткен жоқ. Тек қашып жүрді, раундтың тез біткенін қалады. Бәрі алдын ала шешіліп қойғаны көрініп тұр.
Бір ақсақал жекпе-жекті көріп отырып: «Бокс не болып кеткен? Қашқанға да береді ме? Өзбек баланы құмалағы шашылғанша қуды ғой», — деп айтыпты. Боксты түсінбейтін адамның өзі жағдайды көріп отыр», — деді Қайрат Кәрменов.
Айта кетейік, Ертуған Зейнуллинов пен Асаходжа Муйдинходжаев Ливерпульде өткен әлем чемпионатының ширек финалында кездескен болатын.
