Белгілі блогер Сәбит Рысбаев Василий Левиттің жұмысына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Рысбаевтың айтуынша, Олимпиада жүлдегері басшылық қызметте өзін ерекше қырынан көрсете алған жоқ.
«Астана қаласының спорт департаментін Василий Левит басқарады. Алып бара жатқан ештеңесі жоқ. Басшы болатындай қандай да бір ноу-хау ойлап таппады.
2016 жылы Олимпиададан күміс алды.
Сол жылы Данияр Елеусінов қабағы жарылып жүріп алтын алған болатын. Қазақстанның бокстан алған соңғы Олимпиада алтыны, шатаспасам, Даниярдікі.
Қазір Даниярдың жағдайы онша емес сияқты. Әр жерде бір шалып жүр. Василий Даниярдан әулие емес. Даниярға да жұмыс тауып беріңдер», — деп жазды.
Айта кетейік, Василий Левит — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, сондай-ақ үш дүркін Азия чемпионы.
