Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын қорғаған көкпардан ұлттық құрама мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Кездесу барысында министр көкпаршылардың ел намысын абыроймен қорғап, ойын барысында бар күшін салғанын атап өтті.
«Жеңіс пен жеңіліс — спорттың ажырамас бөлігі. Ең бастысы — жігерді жоғалтпай, алдағы халықаралық жарыстар мен ірі турнирлерге дайындықты жалғастыру», — деді Ербол Мырзабосынов.
Министр ұлттық құрама спортшыларына сәттілік тілеп, алдағы жарыстарда жаңа жеңістерге жетуіне тілек білдірді.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары 32 алтын, 20 күміс және 22 қола, жалпы 74 медаль жеңіп алды.
