Өзбекстандық танымал боксшы Асадхужа Муйдинхужаев 2026 жылғы Азия ойындарына қатыспайды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Өзбекстан бокс федерациясының мәліметінше, Олимпиада чемпионы кәсіпқой бокстағы мансабын жалғастырады.
«Олимпиада чемпионы әрі үш дүркін әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев кәсіпқой бокста өнер көрсетуін жалғастырады. Ол 26 қыркүйекте Homestretch турнирі аясында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласының аты-жөні жақын арада белгілі болады», — деп жазды федерацияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Муйдинхужаевтың кәсіпқой бокстағы қазіргі рекорды — 2 жеңіс, 1 нокаут. Ал әуесқой бокста үш дүркін әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы атанған.
