Мейірім Нұрсұлтановтың үш жыл күткен жекпе-жегі тағы өтпейтін болды. WBO тұжырымындағы уақытша чемпиондыққа таласта Нұрсұлтанов америкалық кіші Хесус Рамоспен жұдырықтасуы тиіс еді.
Алайда, 19 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жекке бір күн қалғанда америкалық боксшы тамақтан уланғанын айтып, кездесуден бас тартты.
Аталған жекпе-жек өткен жағдайда, жеңімпаз WBC уақытша чемпиондығына қол жеткізетін еді. Бүкіләлемдік боксшылар кеңесі осы кездесуде жеңіске жеткен боксшы доминикандық Карлос Адамес еншісіндегі толыққанды титулға міндетті үміткер болатынын ресми түрде бекіткен болатын.
