Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында финалға шыға алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жәмила жартылай финалда Қытай балуаны Зелу Лимен белдесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, отандасымыз жарысты сәтті бастап, алғашқы белдесуде Молдова өкілі Эмилия Кречунды 13:2 есебімен жеңді. Ал ширек финалда Украина балуаны Надия Соколовскадан 9:1 есебімен басым түсті.
Енді әлем чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова қола медаль үшін белдеседі.
