
АҚШ-та өткен UFC Fight Night 253 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңілген Асу Алмабаев рейтингте де төмендеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақ файтері португалиялық Манель Капеден техникалық нокаутпен ұтылған еді.
Өкінішке қарай, төрешілер Капенің көз шұқып алғанына мән берген жоқ. Ал екі рет көзінен жарақат алған Алмабев жекпе-жекті дұрыс жалғастыра алмады.
Осыдан соң, Асу Алмабаев жеңіл салмақта рейтингтегі бір саты төмендеп, 9-орынға жайғасты. Манель Капе болса, алғашқы алтылықты түйіндеп тұр.
Айта кетелік, рейтингтегі үздік үштік төмендегідей:
- Брэндон Ройвал
- Брэндон Морено
- Амир Альбази