
ММА 2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енді, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі мәлімдеді.
ММА бәсекесі заманауи және дәстүрлі стильде өткізіледі. Сондай-ақ, спортшылар жарысатын салмақ дәрежелері де анықталды.
Ерлер, заманауи стиль — 60 және 71 келі
Ерлер, дәстүрлі стиль — 65 және 77 келі
Әйелдер, заманауи стиль — 54 келі
Әйелдер, дәстүрлі стиль — 60 келі
Дәстүрлі стильде сынға түсетін спортшылар арнайы жекпе-жекке арнайы киіммен шығады.