
Ертең Қытай астанасы Бейжіңде шорт-тректен жылдың басты оқиғасы — әлем чемпионаты басталады. Аталған сынға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Биылғы бәсекеде спортшылар 500, 1000 және 1500 метрге жекелей қашықтықта жарысады. Сондай-ақ ерлер – 5000, әйелдер – 3000 метрге эстафетада жүлделерді сарапқа салады. Бұдан бөлек аралас эстафета бойынша да жарыстар өтеді.
Жер жаһанның ең үздік спортшылары бас қосатын бәсеке 1976 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Тұсаукесер жарысты АҚШ-тың Шампейн қаласы қабылдады. Ал Бейжің құрлық біріншілігін осымен үшінші мәрте өткізгелі жатыр. Бұған дейін бұл қалада 1993 және 2005 жылдардағы әлем чемпионаты ұйымдастырылған.
Шорт-тректен Бейжіңдегі әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар:
Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко;
Әйелдер: Яна Хан, Зейнеп Құмархан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжіғалиева.