
Aqarys ханымның подкасында қонақ болған үстел теннисінен ұлттық құрама ойыншылары — ағайынды Айдос пен Дастан Кенжеғуловтар тек спорттағы жетістіктерімен емес, өмір жолындағы ашық әңгімелерімен де бөлісті, деп жазадыsportbugin.kz
«Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді дегенде жүрегіміз дір етті»
Айдос пен Дастан үшін 2027 жыл — ерекше маңызға ие. Өйткені бұл жылы Қазақстанда алғаш рет үстел теннисінен Әлем чемпионаты өтеді.«Бұл жаңалықты екі жыл бұрын естігенде қатты қуандық. Өз елімізде мұндай жарыс өтеді дегенде жүрек тебіренді. Бірақ оған іріктеуден өту керек екенін де жақсы түсінеміз», — дейді Айдос.
Үйдегі үлкеннің үгіті, спортқа қадам болды .Спорт жолы отбасынан басталған. Айдос бұл туралы былай деді:
«Үлкен ағамыз Айдар бізді спортқа баулыды. Ата-анамыз да қолдау көрсетті. Біртіндеп бәрі спортқа бет бұрды».2009 жылы отбасымызбен Орал қаласына көшіп келдік, спортты тереңірек меңгеру сол кезден басталады. Сол жылдары Оралға мықты бапкер келді. Көзге түскен мені ата-анаммен келсіп Алматы қаласына Шаңыраққа интернатқа жіберді. Дастан интернатқа түсіп, кәсіби түрде жаттығу жасай бастағанын айтты.«Интернатта оқыған кезімде спортқа көбірек көңіл бөліп, оқуға аз уақыт бөлінді. Айдосқа “сен интернатқа келме, оқу жағын жақсы ұста” деп ақыл айтқан кездерім болды», — дейді Дастан.
Бақ пен бап қатар келген сәт
Дастанның айтуынша, Оралға келген мықты бапкер оны бір көргеннен спортқа деген құлшынысын байқап , спорттық болашағы зор екенін аңғарған. Бірақ мектепті аяқтаған соң, спорттан қол үзіп, білімге мән беруді ойлағанын ашық айтты.
Дастан : «ҰБТ тапсырам деп шештім. Бірақ Қазақстан тарихы мен географиядан жауаптарды шатастырып, математикадан 2 алдым. Колледжге түсе алмадым. Бағыма орай, бапкерім Ресейдегі шетелдік спортшыларға арналған грант туралы айтты. Сол арқылы шетелге оқуға түсіп, университет атынан жарыстарға қатыса бастадым».
Еуропа тәжірибесі: Австрия құрамасы және жаңа белестер
Айдос 2018 жылы Австрияның Баден қаласына барып, жергілікті құрамада бірнеше жыл ойнаған. 2022 жылы оның құрамасына Дастан барған.
«Тренерім Австрияда ойнауға мүмкіндік барын айтты. Келісе кеттім. Кейін 2024 жылы Штокер құрамасынан ұсыныс түсті. Қазір сол командада ойнап жүрмін», — дейді Айдос.Дастан да қазіргі уақытта Баден құрамасының қатарында. Олар Еуропада үздік 5 команданың қатарына кіреді.
Президентпен ойын және қарапайым мэр
2019 жылы Дастан үшін ерекше оқиға болды: ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен теннис ойнаған.
« Қасым-Жомарт Тоқаев Президент бола салысымен Оралға келді. Тренерлеріміз бізді ол кісімен ойнауға дайындады. Ол КМС деңгейінде ойнайды. Эмоция жағынан оңай болған жоқ. Бұл — балаларыма айтатын мақтанатын оқиғам», — деп күлді Дастан.
Сондай-ақ Австриядағы жарыстардың бірінде Баден қаласының мэрі келіп, VIP зонада отырған. Бірақ біздің елдегі әкімдер секілді емес — өте қарапайым, күзетшісіз жүрген.
«Басында мэр екенін білмедік те. Қазақстанда әкімдер костюм киіп, жанында күзетшілер жүреді. Сол сәтте екі елдің айырмашылығын қатты байқадым», — дейді Дастан.
Подкастың толық нұсқасын YouTube-тан көре аласыз!