
4 қыркүйек күні Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем біріншілігі басталады. Sportbugin.kz алғашқы жарыс күнінде кімдердің шаршы алаңға шығатынын анықтады.
Алғашқы жарыс күнінде әйелдерден 48, 51 , 75 келіде, ал ерлер 55, 65, 70 келіде іріктеу айналымын бастайды.
Қазақстан сапынан бірінші жарыс күнінде төмендегі боксшылар өнер көрсетеді:
Әйелдер: Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) және Надежда Рябец (75 келі);
Ерлер: Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі).