Халықаралық Олимпиада комитеті ғаламдық жылынуға байланысты қысқы Олимпиада ойындары өтетін орындар тізімін азайтады, деп жазады Sportbugin.kz.
ХОК өкілінің хабарлауынша, алдағы уақытта қысқы ойындар үнемі өтіп тұратын орындар таңдалуы мүмкін. Сондай-ақ, қысқы Олимпиада мерзімінен бұрын өткізілуі мүмкін.
Бұл Паралимпиада ойындарын өткізумен тікелей байланысты. Себебі, Олимпиададан соң екі аптадан кейін өтетін қысқы Паралимпиада кезінде күннің жылынып кетуіне байланысты көптеген қиындық туындауда.
Қазіргі таңда қысқы Олимпиадаға қажетті инфрақұрылымы қалыптасқан 93 таулы аймақ бар. Ал 2050 жылға қарай қысқы спортқа қолайлы аймақтар саны 52-ге дейін, 2080 жылға қарай 30-ға дейін азаюы мүмкін.
Мұның бәрі ғаламдық жылыну салдарынан болып отыр.
Айта кетелік, 2026 жылы қысқы Олимпиада ойындары Милан мен Кортина-д’Ампеццо аймағында өтеді.
Фото: © AP Photo/ Luca Bruno
