Сауд Арабиясының әлем чемпионатындағы Уругвайға қарсы матчы алдындағы салтанатты рәсім көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әдетте ұлттық құрамалардың тулары алаңға жайылып шығарылатын болса, Сауд Арабиясының туына мұндай рәсім қолданылмады. Бұған ел туында исламдағы қасиетті сенім куәлігі — Шаһада жазуының болуы себеп.
Осыған байланысты Сауд Арабиясының туы арнайы адамдардың қолында алаң үстінде ұсталып тұрды.
Сауд Арабиясында мемлекеттік тудың мәртебесі ерекше. Мәселен, басқа елдерден ерекшелігі — ту ешқашан аза тұту белгісі ретінде төмен түсірілмейді. Себебі онда жазылған қасиетті сөздерді төмен түсіру құрметсіздік саналады.
