Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов Колумбияға қарсы матчта күтпеген оқиғаның басты кейіпкеріне айналды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Кездесудің 34-минутында Хусанов қапталда колумбиялық шабуылшы Луис Диасты тоқтату үшін сырғанай келіп, қарсыласын құлатты. Алайда инерциямен алаң сыртына шығып кеткен қорғаушы матчты түсіріп тұрған телеоператормен соқтығысып қалды.
Ойын біраз уақытқа тоқтатылып, зардап шеккен операторға медициналық көмек көрсетілді. Ал кездесудің бас төрешісі Энтони Тейлор Луис Диасқа қарсы жасаған ережебұзушылығы үшін Хусановқа сары қағаз көрсетті.
Оқиғадан кейін Абдуқодир Хусанов телеоператордан кешірім сұрап, өз қолтаңбасын қалдырған ойын жейдесін сыйға тартты.
