Швейцария құрамасының ойыншысы Аргентинаға қарсы өткен кездесуден кейін төрешілердің шешімі мен ФИФА-ның әрекетін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Матчтан кейін эмоциясын жасыра алмаған футболшы Аргентинаның жартылай финалға шығуға лайық болмағанын айтып, ойын тағдырына төреші ықпал еткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, есеп теңескен сәтте швейцариялық ойыншы алаңнан қуылып, бұл кездесудің нәтижесіне тікелей әсер еткен.
«Аргентина жартылай финалға шығуға лайық емес. Бүгін біз олардан жақсы ойнадық. ФИФА бұл турнирді не үшін өткізіп жатқанын түсінбедім. Кубокты бірден Аргентинаға бере салыңдар. Бұл цирктың не қажеті бар? Біз есепті теңестіргеннен кейін төреші біздің ойыншыны алаңнан қуды. Ал Аргентина футболшылары матч бойы тәртіп бұзды. Аргентинаны алдын ала құттықтаймын, трофей бәрібір сендердікі», — деді швейцариялық футболшы.
Айта кетейік, екі құрама әлем чемпионатының ширек финалында кездескен болатын.
