Журналист Азамат Әбілқайыр әлеуметтік желіде «Қайраттың» мадридтік «Реалға» қарсы матчта ірі есеппен жеңілгенін қалағанын айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Айта беруге болатын шығар. «Қайрат» пен «Реал» ойнағанда «Қайраттың» кемінде 0:8 есебімен ұтылғанын қаладым. Себебі мен — «Ақтөбенің» жанкүйерімін.
Сондықтан «Қайраттың» ғана емес, өзге де қазақстандық командалардың еурокубоктардан шығып қалғанын қалаймын. Алға, «Ақтөбе»!», — деп жазды журналист.
Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлер тудырды.
